Алматылық «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Седрик Гогуа мансабын Душанбенің «Истиклолында» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының Душанбе клубымен келісімшарты 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

Еске салайық, бұған дейін Седрик Гогуа «Партизан», «Рига», «Қайрат», «СКА-Хабаровск», «Тамбов», ЦСКА және «Ротор» командаларында өнер көрсеткен.