Алматылық «Қайрат» «Фенербахче» түлегіі Микаэль Аскаровты сатып алуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан жастар құрамасы сапында 3 кездесу өткізген қорғаушы алматылық клуб сапында қаралымнан өтеді.

Аскаров стамбулдың «Фенербахче» түлегі. Ойыншы қазір «Адана Демиспор» клубына тиесілі. 19 жасқа дейінгі командалар арасындағы Түркия чемпионатында 20 матчқа қатысқан.

Микаэль Аскаров бұған дейін «Ақтөбеде» қаралымнан өтті, бірақ ақтөбелік клуб қорғаушыға келісімшарт ұсынған жоқ.