Нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву мансабын Павлодардың «Ақсу» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы футболшы өткен маусымды «Тұранда» бастап, жазда «Тобылға» ауысты. Ол қостанайлықтар сапында барлық турнирлерде он кездесу өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Сондай-ақ Осучуквудың мансабында «Ордабасы», «Том», «Рух», «Динамо Брест» және «Брага» болды.

Беделді Transfermarkt порты ойыншының құнын 300 000 еуроға бағалап отыр.