Ресейлік ойыншы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берді

Ресейлік ойыншы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берді

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Химки» жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Зуевтің Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергенін білемін. Қазір ол жұмыс қай кезеңде екенін білмеймін. Қазірше қолымызда бар ойыншылармен алдағы матчтарға жүйелі түрде дайындалып жатырмыз. Мен Зуевпен сөйлескен жоқпын», - деді Адиев «СЭ» басылымына.

Александр Зуев Қазақстанда дүниеге келген, 2003-2005 жылдар аралығында «Тобылдың» жастар командасында өнер көрсетті.

Биылғы маусымда Зуев «Химки» сапында 16 матчқа қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или