Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде төрт қазақстандық боксшы бірден алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, ауыр салмақтағылар тізімінде WBC International белбеуінің иегері Жан Кособуцки сегізінші орында тұр.

Супер орта салмақта өнер көрсететін және WBC Silver белбеуінің иегері Әли Ахмедов төртінші орында. Оның дивизионында чемпион мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ төртінші орында орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов. Бұл дивизионда чемпиондық белбеу америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі.

WBC Silver белбеуінің иегері Сергей Липинец жартылай орта салмақтағылар тізімінде бесінші орынға тұрақтады. Бұл салмақтағы толық титул американдық Регис Прогрейске тиесілі.