Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) бірінші орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлыбританиялық Лиам Смит отандасы кіші Крис Юбенкті мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін рейтингте үшінші орыннан бірінші орынға көтерілді. Ұйымның чемпионы - америкалық Джермелл Чарло.

Бұған дейін WBO Смитті орта салмақтағы рейтингте бірінші орынға қоятыны белгілі болды және ұлыбританиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі осы дивизиондағы WBO әлем чемпионы атағына басты үміткер атанады.

Осылайша, Смит Чарло немесе Әлімханұлымен чемпиондық жекпе-жекке үміткер бола алады.

WBC рейтингінің топ-10 боксшысы:

1. Лиам Смит (Ұлыбритания)

2. Чарльз Корнвелл (АҚШ)

3. Сергей Богачук (Украина)

4. Дэнни Гарсия (АҚШ)

5. Эриксон Лубин (АҚШ)

6. Исраил Мадримов (Өзбекстан)

7. Кіші Хесус Рамос (АҚШ)

8. Джек Кулкай (Германия)

9. Серхио Гарсия (Испания)

10. Карлос Окампо (Мексика).