Бүкіләмдік бокс ұйымы әлеуметтік желідегі парақшасына осыны меңзейтін хабарлама қалдырды. Яғни, британиялық Лиам Смит орта салмақтағы рейтингтің бірінші сатысына көтеріледі.

Сәйкесінше, WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа негізгі үміткер саналады. Ал белдік қазір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының еншісінде. Бұл атақты былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде Смиттің жерлесі Дензель Бентлиді жеңіп, чемпиондық белдікке лайық екенін дәлелдеді.

Осының арқасында кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 13 жекпе-жек, 13 жеңіске жеткізді. Ал Лиам Смит қаңтар айында тағы бір британдық кіші Крис Юбенкпен жолығып, 4-ші раундта нокуаутпен жеңді. Бокс мамандары оны тіпті сенсацияға да балады.

Смит бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіске жетті және 2015-2016 жылдары дәл осы WBO чемпиондық белдігінің иегері де болды.