Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде орындарын нығайтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік ондыққа ауыр салмақтағы Серік Мұсаділов (10-орын), супер орта салмақтағы Али Ахмедов (6-орын) және орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (7-орын) енді.

Айта кетейік, IBF бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкинді белбеуінен айырған болатын. Орта салмақтағы титул қазір бос. Ахмедовтің дивизионында чемпиондық белбеу иегері - мексикалық Сауль Альварес.

Серік Мұсаділов өнер көрсететін бірінші ауыр салмақта IBF титулы аустралиялық Джей Опетаеға тиесілі.

Сондай-ақ Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингінде Сұлтан Зәуірбек (14-орын, екінші жеңіл салмақ) бар. Оның дивизионында чемпион - тәжікстандық Шавкат Рахимов.