Қазақстандық боксшы Николай Шваб (10-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз Сосуада (Доминикан Республикасы) өткен кеште венесуэлалық Эльбер Рохасқа (18-7-2, 15 КО) қарсы WBA Fedecaribe белбеуін қорғады.

Шваб жекпе-жек бастала салып ринг тізгінін өз қолына алды. Қарқынын барған сайын үдеткен отандасымыз үшінші раундта қарсыласын мүлде ырықсыз күйге түсірді, сол раундтың соңғы минутында төреші жекпе-жекті тоқтатып, Николай Шваб техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

28 жастағы қостанайлық спортшы кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ. Қазір оның еншісінде 11 жеңіс бар, оның 7-еуін нокаутпен жеңген.