Айгерім Әбілқадырова Париждегі турнирде қарсыласының аяғын неге тістеп алғанын түсіндірді
Париждегі Grand Slam турнирінде қарсыласының аяғын тістеп алған қазақстандық дзюдошы Айгерім Әбілқадырова неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді.
Айта кетелік, Айгерім турнирдің бірінші айналымында бельгиялық Шарлин ван Сникпен кездесіп, ұтылып қалды. Кейін белдесу соңында қарсыласының аяғынан тістеп алды. Желіде бейнжолдау жариялаған қазақстандық дзюдошы мұндай қадамға бару себебін айтты.
"Барлық диван сыншыларына жауап берейін. Кеше Париждегі Grand Slam турнирінде мен бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтақ буынымды тартып, ауырту әдісін жасады. Мен берілгенімді білдіріп, белгі бердім. Бірақ бельгиялық спортшы бұған қарамай, қолымды сындыра бастады.
Осыдан соң сол жақ буынымның қытырлай бастағанын естіп, амалсыздан және қатты ауырғандықтан автоматты түрде оны тістеп алдым. Оның үстіне, төреші бұл жағдайға мүлде мән бермей, белдесуді тоқтатпады", - деді Айгерім.