Қазақстандық төрешілер VAR бойынша онлайн семинарға қатысып жатыр

Қазақстандық төрешілер VAR бойынша онлайн семинарға қатысып жатыр
ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаменті ФИФА төрешілер комитетінің қолдауымен қазақстандық төрешілер үшін VAR жүйесі бойынша онлайн семинар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kff.kz сайтына сілтеме жасап. 

Семинар 5 ақпанға дейін жалғасады, оған Премьер-Лиганың 25 бас төрешісі мен 28 көмекшісі, сондай-ақ Бірінші лиганың 8 бас төрешісі мен 25 көмекшісі қатысуда. Семинардың жүргізушісі – ФИФА нұсқаушысы Фархад Абдуллаев.

Оқу бағдарламасы Қатарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатын негізге ала отырып, төрешіліктегі барлық заманауи трендтерді қамтиды. Сондай-ақ «Пенальти шешімдері», «Тактикалық тәртіпсіздіктер және допқа талас», «Оффсайд», «Доппен жұмыс істеу» және «VAR-дың араласу шекарасы» сияқты қызу тақырыптар талқыланады.

Семинардың техникалық бөлімі үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – кең ауқымды теориялық курс, оған төрешілікті талдау, түсіндіру бойынша бейнематериалдарды қарау, ойын ережесін қолдану, ойын жағдайларын бақылау, әдіс-тәсілдер мен ойынды басқару кіреді. Екінші кезең бейне сынақтарға және қателермен жұмыс жасауға арналады. Үшінші кезең практикалық бөлімнен тұрады, онда негізгі нұсқаулар мен ұсыныстар әзірленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или