Ресейлік қақпашы Ильяс Гафиуллин «Арлан» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қақпашымен келісімшарт ағымдағы маусымның соңына дейін есептелген.

Уфа хоккей мектебінің түлегі. Ересектер хоккейіндегі дебюті 2015-2016 маусымында өтті. Ильяс «Зауралье» (ЖХЛ) сапында үш маусым ойнап, 106 матчқа қатысқан. «Tsen Tou Jilin», «Металлург» (Новокузнецк), «Дизель», «Молот-Прикамье» және «Ермак» (ЖХЛ) клубтарында өнер көрсеткен. Осы маусымды «Динамо» (Молодечно, Беларусь) сапында бастады», - делінген клуб хабарламасында