«Барыс» хоккей клубы қорғаушы Юрий Сергиенко жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Юрий «Ак Барсқа» қарсы матчта жарақат алған.

Айта кетейік, бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында сырт айдында мәскеулік «Динамомен» кездеседі.

«Динамо» Ж- «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:20-да басталады. Qazsport телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Интернетте матчты мына СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыздар.

Фото: hcbarys.kz