OCTAGON 40 турнирінің басты кардында өтетін ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

5 ақпанда Бішкекте өтетін мерейтойлық турнирде жергілікті тәжірибелі файтер Алманбет Абдывасы уулы (10-6) өзбекстандық Шахзод Джуракуловпен (6-5) кездеседі.

Кештің басты жекпе-жегіндеа Мақсат «Барыс» Жолдош уулы (8-2) бразилиялық Жозе Тавареспен (15-10) кездеседі.

Ал басты жекпе-жектердің бірінде қырғыз файтері Шермурат «Пантера» Калилов (5-0) тағы бір бразилиялық Лукас Бентомен (7-3) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы