11 ақпанда Аустралияның Перт қаласындағы RAC Arena-да UFC 284 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев (23-1) пен 2013 жылдан бері жеңіліп көрмеген жартылай жеңіл салмақтың королі Алекс Волкановски (25-1) кездеседі.

Кездесу алдында Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында ресейлік файтер аустралиялық спортшымен алдағы кездесуі, қарсыласының мықты және әлсіз жақтары, сондай-ақ мансабындағы маңызды жекпе-жекке тактикасы туралы айтып берді.

– Ислам, жекпе-жек алдындағы жаттығу лагері қалай өтті және неге басты назар аудардыңыз?

– Лагерь біз жоспарлағандай кезең-кезеңімен өте жақсы өтті. Махачкаладан бастап, тауға шығып, екі апта бойы жаттығу өткіздік. Аустралияға алдын ала келдік, мұнда жергілікті климатқа бейімделіп, дайындықтың соңғы кезеңін өткіземіз.

– Аустралияда өзіңізді қалай сезініп жүрсіз және жергілікті климатқа бейімделу барысы қалай жүріп жатыр?

– Маған климат ұнады. Жақын жерде мұхит бар, бәрі жасыл әрі табиғат өте әдемі.