Мырзағали Айтжанов: Халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік

Мырзағали Айтжанов: Халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік

Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алған бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтан тікелей рейспен Қазақстанға оралды.

«Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл күйі көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын мемлекет пен федерация қолдауының арқасында отандасымызды тағы қуантамыз деп сенемін», - деді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или