Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Александр Недовесов Australian Open-2023 турнирінің микст сынында бірінші айналымда жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дуэт бірінші айналымда Х.С.Кабаль (Колумбия)/К.Младенович (Франция) жұбына жол берді. Колумбиялық-франциялық жұп 2:6, 7:6, 10:7 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат, 36 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптасып Australian Open үшінші айналымына шыққан болатын.