Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге Аустралия ашық чемпионатының жұптық жарысында үшінші айналымға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар екінші айналымда Латиша Чань (Тайвань) / Алекса Гуарачи (Чили) жұбын жеңді.

55 минутқа созылған кездесу 6:1, 6:0 есебімен аяқталды.