Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиадада ерлер арасында эстафета өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эстафета жеңімпазы Франция құрамасы болса, екінші орынды Норвегия шаңғышылары алды, Жапония құрамасы үздік үштікке кірді.

Қазақстандық шаңғышылар Ернұр Бексұлтан, Иван Люфт, Святослав Матасов және Федор Карпов жетінші болып мәреге жетті.