Шаңғы жарысынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада 3х5 шақырымдық эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші болып Финляндия өкілдері мәреге жетсе, екінші орынды Норвегия құрамасы иеленді.

Қазақстандық Айша Рақышева, Ксения Шалыгина және Надежда Степашкина үшінші орын алды.

Универсиада. Лейк-Плэсид. Шаңғы жарысы

Әйелдер. Эстафета 3×5 км

1. Финляндия – 43:49,6

2. Норвегия – +0,7

3. Қазақстан – +12,4