Қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек Бангкокта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақта Алтынбектің қарсыласы малайзиялық Ахмед Шахар Мухаммед Имдад болды. Қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. Ол малайзиялық боксшыны үшінші раундта нокдаунға түсірді.