Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Бангкокта 22 жастағы боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз малайзиялық Акмаль Мухамедпен кездесті. Махмуд бірінші және екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Қазақстандық боксшының бірнеше соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Сабырхан жартылай финалға жолдама алды.

Фото: olympic.kz