Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) әлем чемпионатының финалынан кейін ережеге өзгеріс енгізеді.

Аргентина мен Франция арасындағы финалдық матч барысында Лионель Месси гол соққанда Аргентинаның екі ойыншысы техникалық аймақтан алаңға жүгіріп шыққан. Осылайша, бір уақытта алаңда Аргентинаның 13 ойыншысы жүрді. Ереже бойынша төреші голды санамауы керек еді.

Енді IFAB осы ережеге өзгеріс енгізеді. Егер алаңға жүгіріп шыққан ойыншы гол соғуға үлесін қосса не керісінше кедергісін келтірсе ғана голды санамайтын болады.