Франциялық «Пари Сен-Жермен» халықаралық жолдастық кездесуде Сауд Арабиясының Эр-Рияд құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Эр-Риядтағы «Кинг Фахд» стадионында бүгін, 19 қаңтарда өтті.

Жеңімпаздар сапында Лионель Месси (3-минут), Маркиньос (43), Серхио Рамос (53), Килиан Мбаппе (60) және Уго Экитике (78) гол соқты.

Эр-Рияд сапында Криштиану Роналду (34, 45+6) дубль жасады. Қорғаушы Чан Хюн Су (56) мен шабуылшы Талиска (90) бір голдың авторы атанды. Ойын 5:4 есебімен париждіктердің пайдасына аяқталды.

«ПСЖ» шабуылшысы Неймар 45-минутта пенальтиден гол соға алмай қалды.