Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Хобартта (Австралия) өтіп жатқан WTA 250 сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық спортшы Испания өкілі Нурия Парризас-Диасты 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Келесі айналымда Путинцева ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.

Фото: english.stadiumastro.com