Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ширек финалда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта олар 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Е.Рыбакина – А.Павлюченкова ірі жарыстың финалына шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.