11 қаңтарда астаналық баскетболшылар ВТБ Біріккен лигасының тұрақты маусымы аясында өз алаңында Минскіні қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» ВТБ Біріккен Лигасының турнирлік кестесінде соңғыдан кейінгі орында келеді.

Жаңа жылдың алдында бұл қарсыластар Беларусь астанасында кездесіп, онда Астана 76:65 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» - «Минск» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:00-де басталады. Трансляция келесі СІЛТЕМЕ арқылы қол жетімді.