2022/23 маусымында ВТБ Бірегей лигасының тұрақты маусымы екі кезеңде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік 6 команда «А» тобына түсіп, автоматты түрде плей-офф кезеңіне өтеді, «В» тобында қалған 6 команда өзара ойнайды.

Алғашқы алтылық: ЦСКА, УНИКС, «Зенит», МБА, «Нижний Новгород», «Локомотив-Кубань».

Екінші алтылық: «Парма», «Самара», «Автодор», «Енисей», «Астана», «Минск».

ВТБ Бегей лигасы тұрақты маусымының екінші кезеңі қаңтардың аяғынан наурыздың соңына дейін өтеді.