Грузия құрамасының экс-капитаны Джаба Канкава «Тобылға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Football_Insaide» telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Қостанайлық клуб Йованчичтің орнын басатын ойыншы іздеп жатыр, оның бірі «Тобылдың» және Грузия құрамасының экс-капитаны Джаба Канкава», - деп жазады дереккөз.

2017 жылдың қарашасында Джаба «Тобыл» (Қостанай) клубымен келісімшартқа отырған. Қостанайлық клуб сапында 27 ойынға қатысып, үш гол соқты және Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.