22 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Глеб Жердев мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Arseniy Isaenya» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

- Қостанайлық «Тобыл» беларусьтік жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. Қазір келіссөз жүріп жатыр», - деп хабарлады дереккөз.

Өткен маусымда футболшы Беларусь чемпионаты мен кубогы аясында 31 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.