Алдағы футбол маусымына дайындық аясында «Жетісу» командасы 7-28 қаңтар аралығында Түркияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда құрамында Жетісу облысынан 15 ойыншы бар. Оқу-жаттығу жиыны барысында «Жетісу» сапына қосылуға футболшылар қаралымнан өтеді. Сонымен қатар, ОЖЖ кезінде шетел командаларымен жолдастық кездесулер сериясы ойнатылады.

Фото: «Жетісу» ФК