Қуаныш Қалмұратов «Қайсардың» жаттығуына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тәжірибелі қорғаушы Қуаныш Қалмұратов «Қайсармен» жаттығуға кірісті. Ол бұған дейін «Тараз» сапында өнер көрсетті.

Сонымен қатар 26 жастағы футболшы «Атырау», «Астана 1964», «Тұран» секілді клубтарда доп тепсе, екі маусым «Қайсардың» намысын қорғаған.

Айта кетейік, Қуаныш ОЖЖ-да қаралымда жүр.