Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында хабаровскілік «Амурға» қарсы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше клубтар алғашқы кездесуін өткізіп, «Барыс» буллиттер сериясынан кейін 3:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бүгін астаналық хоккейшілер 0:1 есебімен жеңісті тағы да қолдан жіберіп алды.

«Амур» (Хабаровск, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

Шайбалар:

1:0 - Дубакин Сергей (Гребенкин, Дрозг), 17:08

Қақпашылар: Аликин — Гудачек

Фото: hcbarys.kz