Канадада өткен хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Финалда Канада мен Чехия құрамалары кездесті. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды. Дилан Гюнтер жеңіс шайбасын соғып, Канада әлем чемпионы атанды.