Қостанайлық «Тобылды» серб бапкері Милич Черчич баптайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

ҚПЛ жеңімпаздары бос орынға бірнеше маманды қарастырып, Черчичтің кандидатурасына тоқталуды жөн көрді.

Черчичтің соңғы клубы Беларусьтің «Шахтері» болды, онда ол ел чемпионы атанды. Солигорск командасының жаттықтырушылар штабының мүшесі болды, сонымен қатар бас бапкер қызметін де атқарды.

Бапкерлік мансабын 2013 жылы «Атырауда» ассистент болып бастады. Одан кейін Кувейттің «Аль-Джахра» клубында, Ливия құрамасында, Сербияның «Пролетер» және ирандық «Зоб Ахане» клубтарында жұмыс істеді.