«Ақтөбе» 7 қаңтарда оқу-жаттығу жиынын өткізуге Түркияға аттанады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ақ-қызылдар жаңа жылға дейін қаламызда кішігірім оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.Ендігі кезекте Андрей Карпович шәкірттері 7-26 қаңтар аралығында келер маусымға дайындығын Түркияда өткізбек.Анталиядағы ОЖЖ аясында ақтөбеліктер 5 бақылау матчын ойнайды. Қарсыластар нақтыланған кезде қосымша хабарланатын болады», - делінген клуб хабарламасында.