«Реал Мадрид» 30 желтоқсанда 1928 жылдан бері алғаш рет сырт алаңда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Карло Анчелотти шәкірттері Ла Лиганың 15-турында «Вальядолидтен» 2:0 есебімен басым түсті.

1928 жылдан бері 30 желтоқсанға дейін «Реалда» сырт алаңда 3 тең ойын, 3 жеңіліс болған.