ЦСКА жартылай қорғаушы Хорхе Карраскальмен қоштаспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы колумбиялық ойыншыға ешбір ұсыныс түскен жоқ.

Дереккөздің хабарлауынша, Карраскаль басқа клубқа кетуге ниетті емес. 7 қаңтарда ол командамен бірге маусымның екінші бөлігіне дайындықты бастайды.

Айта кетейік, ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.