AMC Fight Nights президенті Камиль Гаджиев ACA қожайыны Майырбек Хасиев промоушенді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

«Бұл бірінші кезекте Әмір Мурадов пен Майырбек Хасиевке қатысты. Әрине, мен олардың жүріп жатқан келіссөздерінен хабардармын, бірақ, анық ақпар маған әлі жеткен жоқ. Жақын арада олардың бізге жететініне сенімдімін, отырып талқылаймыз», - деді Камил.