Америкалық UFC промоушені жылдың ең үздік жекпе-жегін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылдың үздік кездесуі атағын жартылай ауыр салмақтағы Иржи Прохазка мен Гловер Тейшейра титулды жекпе-жегі алды. Кездесу биыл маусымда Сингапурде UFC 175 турнирі аясында өткен.

Жекпе-жек өте тартысты өтіп, Прохазка қарсыласын кездесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда қылқындыру әдісімен жеңген еді.