Қазақстандық файтер Артем Резников ACA 150 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз ресейлік Андрей Кошкинді екінші раундта жеңді.

Артем 24 мәрте жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Ал Кошкиннің рекорды - 22 жеңіс және тоғыз жеңіліс.

Резников 2023 жылы сәуірде өтетін АСА Гран-приінің финалына жолдама алды.