Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың ұлы Эли Кадыров аралас жекпе-жектегі дебютінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

16 жастағы Кадыров ACA 150 турнирі аясында өткен жеңіл салмақтағы жекпе-жекте отандасы Ислам Акбаровты бірінші раундында техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, UFC-де өнер көрсететін швед файтері Хамзат Чимаев кіші Кадыровтың секунданты болды.