Жеңіл салмақта IBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп жазады Prosports.kz.

«Құрметті достар, бір жыл үзілістен кейін кезекті жекпе-жегім өтті. Барлығына алғыс айтқым келеді! Қолдау көрсеткен отбасыма рақмет! Күрес жолына қайта шыққаныма өте қуаныштымын, абсолютті әлем чемпионы атағы үшін тағы да жұдырықтасамын. Қолдау көрсеткен демеушілеріме алғыс айтамын! Жанкүйерлеріме рақмет! Өте қуаныштымын!», - деді Шәріпова.