Қазақстандық Фируза Шарипова (14-2, 8 КО) танзаниялық Ферис Машауриді (10-6, 3 КО) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың жекпе-жегі Челябідегі бокс кеші аясында өтті. Жеңіл салмақта Фируза Шарипова мен Фериче Машаури жекпе-жек өткізіп, төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Шарипова профи рингтегі он бесінші жеңісіне қол жеткізді.