«Бейбарыс» хоккей клубы шабуылшы Денис Скатовпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.

Осы маусымда хоккейші 17 ойынға қатысып, 8 (6+2) ұпай жинады. 2021-2022 жылғы маусымда Скатов «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті.