22 желтоқсанда «Алматы» хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында павлодарлық «Ертіспен» өз алаңындағы екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір күн бұрын өткен алғашқы ойында 6:3 есебімен павлодарлық команда жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында «Ертіс» ұпай саны бойынша «Алматымен» теңесті.

«Алматы» – «Ертіс» матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен сағат 13:00-де басталады.