Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Instagram парақшасында ұлттық құрамадағы серіктесі Нұралы Әліптің үйлену тойында түскен суретін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Зайнутдинов «Тараз» қорғаушысы Елдос Ахметовпен бірге түскен суретін жариялап, «Жастардың бақыты үшін аздаған қымыз!», деп жазды.

Айта кетейік, Әліптің үйлену тойы Катардағы әлем чемпионатының финалы күні өтті.