Өзбекстандық «Бунедкор» футбол клубының директоры Азиз Хайдаров Алматыға сапар күшінен қалғанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Sports.uz сайты хабарлады.

«Қазақстанға барғымыз келген, екі ойын бойынша келіссөз де жүргіздік. Одан бөлек тағы екі шетелде жаттығу жиынын өткізуді жоспарлаған едік. Ойыншылар бабында болмады, сондықтан біз Қазақстанға барудан бас тарттық», - деді Хайдаров.