Мексикалық боксшы Сауль Альварес футболдан 2022 жылы әлем чемпионатында топ жарған Аргентина құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аргентинаны құттықтаймын, олар бұған лайық», - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, чемпиона басында Альварес Лионель Мессиді Мексика жұртына құрметсіздік танытты деп айыптаған. Бұған Аргентина құрамасы Мексиканы жеңгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеде түсірілген фото себеп болды, онда Мессидің аяғының астында Мексика құрамасының жейдесі жатқан екен. Бірақ кейін Альварес Мессиден кешірім сұрады.