Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орта салмақта Али Ахмедов 13-орыннан 12-орынға көтерілді. Үздік үштікке америкалық Калеб Плант, Деметриус Андраде және канадалық Эрик Базинян енді. WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Орта дивизиондағы чемпиондық титул иегері Жәнібек Әлімханұлы. Үpдік үш боксшы қатарында Хайме Мунгуя (Мексика), кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания) және Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан) бар.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек бір сатыға төмендеп, 11-орынға тұрақтады. Рейтингте бірінші орында ұлыбританиялық Арчи Шарп, одан кейін мексикалық Оскар Вальдес және аустралиялық Лиам Уилсон тұр. Бұл салмақтағы WBO әлем чемпионы атағы бос.